Мәдениет

Петропавлға ресейлік актерлар келіп спектакль қойды

Татьяна Делль – Алисаның анасы:

– Бүгінгі кездесу біздер үшін өте жақсы өтуде. Қызым біраз жүгіріп ойнап алды. Суреттерді де қарадық. Сол үшін көрме ұйымдастырушыларына алғысым шексіз.

Осыдан соң Даун синдромына шалдыққан балалармен белгілі актриса, тележүргізуші Эвелина Бледанс кездесті. Айта кеткен жөн, ресейлік әртістің 3 жасар ұлы да осы дертке шалдыққан. Осындай науқас балалардың жағдайын жақсы білетін мейман ата-аналар мен сәбилерге өзінің кеңесін айтып, ыстық ықыласын білдірді.

Эвелина Бледанс – актриса, тележүргізуші:

– Қазіргі қоғамда біз сияқты ата-аналар жетерлік. Мен оларды әрдайым қолдап жүремін. Неге десеңіздер, Даун синдромы дертіне шалдыққан балаларды тәрбиелеу оңай емес. Сол үшін ешқашан мойымаңыздар.

Өз кезегінде балғындар жиналғандарға арнап флешмоб биін ұсынды.

Бұдан кейін ресейлік қонақтар өздерінің өнерлерін сахна төрінде көрсетті. Олар теріскейлік көрермендерге есімі барлық әлемге таныс италияндық драматург Альдо Николаидің “Италиянша махаббат” қойылымын ұсынды.

Спектакль теңіз жағасында қос демалушының кездейсоқ кездесуінен басталады. Аңқау да аңғал Бруно мен сылқым да ерке Эва алғашында ұрсысып қалғанымен, соңында татуласады. Алайда, олардың демалыстары жол-көлік апатымен аяқталады. Осылайша, қос ғашық ауруханадан бірақ шығады. Бұдан соң жігітті екі адамды қағып кетті деген айыппен түрмеге қамайды. Ол аз болғандай жындыханадан бірақ шығады. Тағдырдың тауқыметін молынан көрген Бруно осыдан кейін өзінің танысы Эваны мүлде көргісі келмейді.

Андрей Тутов – “Италиянша махаббат” спектаклінің продюсері:

– Солтүстікқазақстандық тұрғындарға қызықты болсын деп бұл жолы криминалды камедиялық қойылым әкелдік. Бұл спектакль 5 жылдан артық уақыт дайындалған жұмыс. Сондықтан да актерларға оқиғаның барлық тұстары таныс.

Қойылымның екінші кезеңінде Бруно үйіне қайтады. Оны баспанасында талай жыл отасқан әйелі емес Эва күтіп отырады. Бұдан кейін ғашықтар көңіл қосады. Алайда, ең алдымен сылқым әйел өзінің күйеуін өлтіруді сұрайды. Осы сәтте спектакльға Марио қосылады. Дегенмен, Бруно мен Марио тіл табысып, тіпті жақын дос болып кетеді. Ең соңында екеуінің ойлары бір жерден шығып Эваның көзін құртуға келіседі.

Андрей Федорцов – РФ еңбек сіңірген әртісі:

– Спектальда мен күйеудің рөлін сомдаймын. Италияндық қызуқанды жігіттердің рөлін толыққанды алып шығу, әрине жеңіл емес. Дегенмен, барынша тырыстым. Қойылымды тамашалаушы көрермендерге рахмет.

Осылайша, қойылым басты кейіпкерлердің қосылуымен емес арамза Эваның өлімімен аяқталады.

–  Бізге қойылым өте ұнады. Залда қарап отырып мол әсер алдық. Ресейлік актерлерға рахмет.

– Өте қызықты да күлкілі спектакль. Әртістердің шеберліктеріне берілгендігіміз сонша, тіпті, уақыттың аяқталғанында байқамадық.

Алдағы уақытта ресейлік актерлар “Италиянша махаббат” қойылымын еліміздің Көкшетау, Павлодар қалаларында сахналамақ.

 

Култанов Байболат