МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы халықаралық әуежай өз жұмысын қайта жандандырды

Бүгін Петропавл халықаралық әуежайының ұшу жолағы күрделі жөндеуден кейін ұшақтарды қайта қабылдамақ.

Дәл қазір алаңға Астана қаласынан сағат таңғы тоғызда ұшқан самолет келіп қонды. Әуе лайнерінің бортында екі жолаушы. Солардың бірі елорда тұрғыны Сергей Коцаба. Астаналық мейман жаңа жолаққа қону жұмсақ болды дейді.

Сергей Коцаба:

 

– Негізі мен пойызда келемін деп жоспарлағанмын. Бірақ ұшақ уақыт жағынан тиімді болды. Міне жаңа ғана сіздердің әуежайларыңыздағы жолаққа келіп қондық. Жұмсақ екен. Барлығы жақсы жөнделген.

Жалпы халықаралық әуежайдағы жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарлануда. Барлық істер тындырылғаннан кейін әуе порты атына заты сай болып, түрлі компаниялардың лайнерлерін қабылдай алатын болаты. Ал әзірге жолаушылар тек аптасына үш рет Астана және Алматы қалалырының бағытында ұша алады. Елордаға ұшақпен қатынау үшін 14 мың теңге жұмсасаңыз, оңтүстік астанаға жету үшін 26 мың теңгеге шығындалуыңыз керек.

Риат Шони