МТРА жаңалықтары

Петропавлда техникалық реттеу саласындағы мамандарға арналған 5 күндік семинар аяқталды

Марат Ахметов – «ПАМЖЗ» АҚ стандарттау және сертификаттау бойынша инженері:

– Жалпы бұл семинардың өткізілуі біздер үшін маңызды. Мұнда біз халықаралық стандарттарды қалай пайдалану керектігін, құжаттардың дұрыс рәсімделуін және бәсекеге қабілетті болуды үйрендік.

Аталмыш семинарға өңіріміздің бірнеше ауданынан 90-ға жуық маман жиылды. 5 күн ішінде олар елордадан арнайы шақыртылған 10 дәріскерден түрлі тақырыпта сабақ алды.

Серік Мұсабеков – «Аналитика АФ» ЖШС сәйкестілікті растау ұйымының басшысы:

 

– Бұл жиынға мен Астана қаласынан арнайы шақыртумен келдім. Солтүстікқазақстандық мамандарға кедендік одақтағы қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығындағы тракторлар мен тіркемелердің қауіпсіздігі жайында әңгіме өрбітем. Бұл сіздердің аймақтарыңыз үшін маңызды деп ойлаймын. Өйткені, сіздерде басымдылық ауыл шаруашылығына берілген ғой.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Айту керек, мұндай іс-шара облысымызда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Енді дәл осындай семинар өңірде 5 жылдан кейін өтетін болады.

Айгерим Ержанова