МТРА жаңалықтары

Өңір колледждері мен мектептерінде “Ислам терроризмге қарсы” тақырыбында жиындар өткізілуде

Анар Орынбаева, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

– Отбасында, ортасында басқалармен түсініспеген, өмірден түңілген жандар көбінесе түрлі секталардың арбауына түсіп жатады.

“Ислам терроризмге қарсы” тақырыбында өткен жиында дінтанушылар 17 мен 22 жас аралығындағы студенттерге ислам дінінің құндылықтары жайлы әңгімеледі. Дәстүрлі діндердің атын жамылып теріс әрекеттерге баратын ұйымдарды атап, олардан аулақ жүруді ескертті.

Ақжол Саматұлы, СҚО дін істері басқармасы конфессияаралық қатынастарды талдау және зерттеу орталығының кеңесшісі, дінтанушы:

 

– Конференцияның басты мақсаты – жастарға дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Елбасы айтқандай, біз өзге елдерде болып жатқан террорлық актілерді ислам дінімен байланыстырмауымыз керек. Бүгін таяу шығыста болып жатқан соғыстар бізді алаңдатпай қоймайды. Ондағы болып жатқан террористік актілерді еуропа елдері Ислам дінімен байланыстырады. Бұның қате пікір екенін біз жастарға түсіндіруіміз керек.

Ислам дінінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған осындай мәжілістер облыс мектептерінде де өткізіліп жатыр.

Берик Касен