Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры Омбыға жасаған гастрөлдік сапардан оралды

Сапар Мапенов, Облыстық қуыршақ театрының актері:

– 2015 жылы шекаралас облыстардың өнер ұжымдарымен тәжірибе алмасу үшін келісім шарт жасалып, арнайы меморандум қабылданған болатын. Облыстық қуыршақ театры – өңірде бұл құжат бойынша көрші елге іс сапармен барып келген бірінші ұжым. Айту керек, “Арлекин” театрының 80 жылдық тарихы бар. Біз үлкен тәжірибе жинадық десе болады.

Өнер ұжымы Омбы қаласында 3 күн бойы гастрольдік сапарда болды. Ал, ол уақытта сондағы жергілікті қуыршақ театры керісінше петропавлдық балақайларды ертегілерімен қуантып жүрген болатын. Осылайша, қос қара шаңырақ тәжірибе алмасып, әріптестікті нығайта түсіпті.

Сапар Мапенов, Облыстық қуыршақ театрының актері:

–  “Арлекин” қуыршақ театрының көрермендері бізді жақсы қарсы алып, үлкен ықыласпен ертегілерімізді тыңдады, алғыстарын білдірді. Саханалары да үлкен екен. Сапарымыз сәтті аяқталды.

Сөйтіп, өнер ұжымы кішкентай көрермендердің ықыласына бөленіп, “Алғыс хат” иеленіп келді.

Акбопе Танирберген