МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет түрлері үкіметтік емес ұйымдардың құзырына

Бұл шешімді үкімет Швеция, Жапония сынды дамушы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылдаған. Мысалы, АҚШ-да 170 мыңнан астам ҮЕҰ тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады екен.

Юрий Данилов, қалалық мәслихат депутаты:

– Егер ҮЕ ұйымдардың өкілетілігі артса, олар ауру адамдарға қарау, ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетумен айналысатын болады. Оларға ел қазынасынан немесе басқа қорлардан қаражат бөлінеді.

Қоғамдық тыңдауға жергілікті атқарушы орган өкілдері, азаматтық ұйымдардың жетекшілері мен “Нұр Отан” партиясының белсенділері қатысты. Олар мемлекеттік қызметтерді қоғамдық ұйымдарға тапсыру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Сергей Худяков, “СҚО Азаматтық Альянсы” ЗТБ төрағасы:

– Тұрғындар мемлекеттік қызметтердің үкіметтік емес ұйымдарға берілуіне қалай қарайды? Және ұйым жетекшілері бұл жауапкершілікті өз мойындарына алып, қоғамның әлжуаз топтарына сапалы қызмет көрсете ала ма? Осы сұрақты біз ортаға салып, талқылаймыз. Бұдан кейін жауапты деген ұйымдарды іріктеп алып, олардың жетекшілерін біліктілікті арттыру курстарынан өткіземіз.

Қараша айында ҮЕҰ-дардың жетекшілеріне арналған семинарлар жалғасын табады.

Берик Касен