Балалар

“Айбын” әскери-патриоттық байқауына қатысушылар марапатталды

Мұхаммад Абдулла – Қазақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы:

-Біздер үшін өте қызық болды. Барлығымыз бірлесе жұмыс істедік.

Республикалық мектеп оқушылары шарасына еліміздің аймақтарынан 16 құрама қатысыпты. Олар бір жұма бойы тактикалық шабуыл, саптық жүріс, түрлі спорттық сайыстарда бақ сынаған. Әсіресе, жерлестеріміз байқаудың соңғы шешуші кезеңдерінде ұйымшылдық танытыпты. Онда балғындар окоп қазу, газқағармен арнайы қашықтықты жүгіріп өтуде үздік атанған. Соның нәтижесінде “Жас батыр” әскери-патриоттық клубы байқаудың үздік бес құрамасының қатарынан көрінген.

Ерғали Жарқынбаев – СҚО білім басқармасы оқу әдістемелік орталығының дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық бойынша бас маманы:

-Елімізде мектеп оқушылары арасында “Айбын” оқу-жаттығу жиындары алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан жиналған 300-ге жуық жеткіншек қатысты. Солардың қатарында біздің “Жас батыр” әскери-патриоттық клубы ерекше көзге түсіп үздік бестіктің қатарынан көрінді. Тағы бір солтүстікқазақстандық “Саланг” командасы өкінішке қарай жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады.

Енді клуб мүшелері алдағы жарыстарға дайындалмақ. Басты мақсат – жаз айларында өтетін “Айбын” әскери-патриоттық байқауында жеңіске жету.

 

Култанов Байболат