МТРА жаңалықтары

Петропавлдың коммуналдық кәсіпорындары қысқа толықтай әзір

Серік Қанапинов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Қазанның 21-інен 22-іне қараған түні облыс орталығындағы жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысын реттеу үшін 7 коммуналдық қызметтің 30 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, таңғы сағат 5-тен бастап 3 мердігер серіктестік қызметкерлері қаладағы аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолында көктайғаққа қарсы құм септі. Бүгін таңертең көшелердегі қарды аршуға тағы 14 техника тартылды.

Ауа райының күрт құбылып, көп мөлшерде қардың жаууына Ресейдің батыс аймағынан келген антициклон себепші. Кешелі бері бұрқасындаған ақ ұлпаның облыс аумағына қалыңдығы 15 мм-ден асатын мөлшері түскен. Қазгидромет синоптиктері алдағы күндері қатты желдің соғуы әлі жалғасады дейді.

Хрипушка: Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” СҚО гидрометрология филилалы бөлімінің басшысы:

-Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, кей жерлерде оның екпіні 15-20 метрге жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы 12-17 градусқа дейін төмендейді.

Жауған қар жерлестерімізді біраз әбігерге салды. Жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысы қиындағаны рыс. Сол себепті, тұрғындар көшелер уақытында тазаланып тұрса деген тілектерін білдірді.

Нұрлыбек Сұраған – қала тұрғыны:

-Қар жауса да, жаңбыр жауса да Алланың нұры жауды дейді ғой. Мен көп жерде жүрген жоқпын. Таңертең Конституция көшесімен ғана жүрдім.

Людмила Полищук – қала тұрғыны:

-Жаяу жүргіншілер жүретін жолдар жөнді тазаланып жатқан жоқ. Адамдардың жүріп-тұрулары қиындады. Әсіресе, балалар мен қарт адамдар біраз қиналатын болды.

Биыл облыс орталығының барлық көшелеріне көктайғаққа қарсы себілетін тұз қосылған құмның 1,5 мың тоннасы дайындалыпты. Бұл бір қыс мезгіліне жеткілікті дейді мамандар.

 

 

Бакыт Садуакасов