Балалар

Петропавлда жастар арасында боулингтен турнир өтті

Айбек Темірбаев – «Жастар ұйымы» командасының мүшесі:

-Жалпы мен боулингті әуесқой ретінде ойнаймын. Ал мұндай турнирге бірінші рет қатысып отырмын. Өте қызық жарыс өтіп жатыр. Барлығы да жеңімпаз болуға лайықты. Бірақ, біздің команда жеңетін сияқты. Қаламызда жастар арасында осындай сайыс өтіп жатқаны қуантады. Бұл жерде жаңа таныстар мен достар тауып жатырмын. Ұйымдастырушыларға рахмет.

Өңіріміздің қыз-жігіттеріне арналған сайысты облыстық жастар бастамалар орталығы ұйымдастырған. Ойынға қаламыздың кәсіпорындары мен зауыттарының жұмысшылары, студенттер мен журналистерден құралған 6 команда қатысуда.

Нұрсаят Сәркен – облыстық жастар бастамалары орталығының директоры:

-Бүгінгі сайысқа 50-ге жуық адам жиналды. Мұндай турнирді біз алғашқы рет ұйымдастырып отырмыз. Болашақта дәл осындай шараны дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

Жарыс соңында жеңімпаздарға кубок және дипломдармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіледі.

 

 

Айгерим Ержанова