МТРА жаңалықтары

Петропавлда биыл 6 баспанаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген

Николай Свистунов – Петропавл қалалық тұрғын үй инспециясы бөлімінің бас маманы:

-Биыл Петропавлда 157 миллион теңгеге 6 баспана қайта жөндеуден өтті. Бұл қаржыға үйлердің қасбеті, шатыры мен жертөлесі дұрысталды. Тағы инженерлік желілері ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген – “Сапалы су” серіктестігі.

Жөндеу көрген баспаналардың бірі – Қазақстан Конституциясы көшесіндегі 16-шы үй. 4 қабатты баспананың қасбеті бұрын тіпті, сын көтермеген. Содан тұрғындар мемлекеттік бағдарламаға жүгінеді. Бөлінген 37 миллион теңгеге мердігерлер ғимараттың қасбеті, жертөле, балкон мен инженерлік желілерді жаңартқан. Алайда, пәтер иелерінің көпшілігі орындалған жұмыстың сапасына көңілдері толмайды.

Юрий Швец – Конституция көшесіндегі 16-үйдің тұрғыны:

-Атқарылған шаруа тұрғындардың жартысына ұнамады. Мердігер компания өкілдері жұмысты сапалы орындады деп айта алмаймын. Негізінен, шатыр мен жертөледегі жұмыстар талапқа сай атқарылмаған.

Әзірге, баспанадағы жөндеу жұмыстарын қабылдау-тапсыру актісі толтырылған жоқ. Наразы пәтер иелері жөндеу кезіндегі кем-кетіктердің орны толтырылмаса қажетті құжаттарға қол қоймаймыз деп бекініп отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов