МТРА жаңалықтары

СҚО статистика департаменті 9 айды қорытындылады

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы:

-Тұрғындар көбі қан айналымы жүйесінің ауруынан, жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан көз жұмады.

Биыл некелесуші жұптардың саны 10,7%-ға кеміген. Бір қуантарлығы, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда сәбилердің туу көрсеткіші 1 пайызға жоғарылап, керісінше мерзімінен бұрын дүниеден озғандардың үлесі 0,3 пайызға қысқарыпты. Өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайына келер болсақ. Облысымызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 85 300-теңгеден сәл асады. Бұрынғысынша, жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары алып келеді.

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы:

-Қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары 142 227 теңге жалақы алады. Ал ең аз жалақыны білім беру саласының қызметкерлері алады.

Осы күні негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 109,2 млрд теңгемен бағаланып, 33,7 пайызға өсті. Осы көрсеткішпен өңіріміз республика бойынша 2-орыннан көрінген. Биыл ет өнімдерін қайта өңдеуге 3,5 есе артық қаражат бағытталыпты.

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы:

 

-“100 нақты қадам” іске асыру шеңберінде ет және ет өнімдерін қайта өңдеу және консервілеуге 88,9 млн. тг бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 3,5 есе артық. Сүт өнімдері өндірісіне инвестициялар 1,8 есе өсіп, 325,6 млн. тг. Құрады.

Жыл басынан облыс бойынша инфляция деңгейі 2,3 пайызды құрап, азық-түлік пен ақылы қызметтердің бағасы 1,8-1,9% -ға қымбаттады. Статистердің айтуынша, жақында жеміс-жидек пен көкөністердің құны өсуі мүмкін. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы дәрі-дәрмектердің, электр қуаты мен көлік қызметтерінің бағасы шамалы көтерілген.

Берик Касен