Қоғам

СҚО-нда өмірінің 40 жылын мәдениет саласына арнаған ардагер мерейтойын атап өтті

Зейнетке шықса да қария ауданның қоғамдық өмірінен алыстаған емес. Шығармашылыққа жақын тұлға «Мелодия» атты ұжым құрып, хорда ән айтады. Ал 2013-ші жылы Галина Куц Якорь ауылында мұражай ашады. Нәзікжандының алға қойған жоспары да жоқ емес.

Галина Куц – еңбек ардагері:

-Аулымыздағы мұражайды ашуға ауыл тұрғындары көмектесті, әрине. Не дегенмен қиын жұмыс. Мәдениет үйінен арнайы кабинет берді. Енді жақында мұражайға тағы бір бөлме қоссам деймін. Жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Болашақта Якорь мен оның тұрғындары жайлы фильм түсірсем деймін. Жоспар деген көп қой. Енді оны жүзеге асыру керек.

Бүгінде Галина Куц ҚР Президентінің алғыс хаты мен «тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» сынды бірнеше медальдардың иесі. Бұл концерттік бағдарламаны жерлестері туған күн иесіне тосын сый ретінде әзірлепті.

Сахнада бал-бұл жайнаған құрбысын, әріптесін құттықтауға ҚР мәдениет қайраткері Наталья Пульникова да келіпті. Жастайынан бірге жүрген олар бір-біріне туған әпкелердей болып кеткен.

Наталья Пульникова – ҚР мәдениет қайраткері:

-Галинаны мен 40 жылдан астам уақыт танимын. Сол кезде ол Соколовка селолық округіның мәдениет бөлімінің басшысы болатын. Өзі ерекше тұлға. Қолынан келмейтіні жоқ. Үйде, жұмыста, сыртта болсын Галинаның келбеті өзгелерден айрықша болып тұратын. Туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұзақ жасасын.

Бүгінде мерейтой иесі – екі қыздан екі немере мен бір шөбере көріп отырған бақытты әже.

 

 

Айгерим Ержанова