МТРА жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өткен 9 айды қорытындылады

Біржан Кәрімов – СҚО ТЖД алдын алу және бақылау басқармасының бастығы:

-Негізінен өрттің шығуының бірнеше себептері бар. Мәселен, газ баллонының дұрыс орнатылмауы, пешті пайдалану ережелерінің сақтамалмауы оттың шығуына әкеп соқтырады. Өрт жиі орын алатын жеке сектордағы баспаналарда негізінен тұрмыс жағдайы төмен немесе мүгедек жандар тұрады. Осы мақсатта біздер жылына екі рет рейдтік шараларды жүргізіп тұрамыз.

Суға кеткендердің де саны биыл былтырғымен салыстырғанда 10 адамға азайыпты. Ағымдағы жылы өзен-көлде 29 адам қаза тапқан.
Жазатайым оқиғалардың кемуінде үздіксіз рейд жүргізіп тұратын мамандардың рөлі айтарлықтай. Олар жаз кезінде шомылуға барған 100 жерлесімізді батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған.

Виктор Держанский – “СҚО ТЖД жедел-құтқару отряды” ММ жетекшісінің орынбасары:

-Осы жылы қайғылы жәйттердің барлығы дерлік облыс аудандарындағы су тоғандары, көлдер мен қоймаларда орын алды. Көп жағдайда шомылу кезінде тұрғындар сақтық шараларына бей-жай қарайды. Ал су қателікті кешірмейді. Сондықтан, мұндай оқиғалардың арты орны толмас өкінішке әкеліп соқтырып жатады.

Жиында апаттық-құтқару қызметінің жұмысы да баяндалды. Өткен қыста сала мамандары аязды әрі боранды күндері жолда қалған 37 азаматты өлім аузынан арашалап қалған.

Михаил Шегеда – “СҚО ТЖД апаттық-құтқару қызметі мен өрт сөндіру қызметі” ММ бөлім бастығы:

-Осы жылы сала қызметкерлері орын алған 227 суыт хабарға жедел әрекет етіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың ішінде жалған ақпарат берген 9 факті анықталды. Ағымдағы жылы ел қазынасынан апаттық-құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін күшейту мақсатында жолды қардан тазалайтын ауыр жүк көліктері берілді.

Қазір облыстың тұрғындары көлдер мен тоғандарда балық аулаумен айналысуда. Осы ретте суда құтқару қызметінің мамандары сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

 

 

Бакыт Садуакасов