Балалар

Петропавлда облыс әкімінің кубогы сарапқа салынатын халықаралық фестивалдің іріктеу кезеңі өтті

Ойын шарттары түсіндірілді, командалар сақадай-сай. Құрама мүшелеріне сахнада берілген уақыт 6 минуттан асып кетпеуі тиіс. Жайдарманшылар жиынына Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің “севен-ап” командасы да қатысуда. 3 жыл бұрын құрылған әзілқойлар тобы залға жиналғандарды күлкілі қалжыңдарымен бірден баурап алды.

Былтыр құрама дәл осы фестивалде 3-ші орынға тұрақтаған. Биыл бас жүлдені алуда аянып қалмаймыз деп отыр, – команда мүшелері.

Ғамзат Қабиден – “7Up” командасының мүшесі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ:

-Біздің әзілдеріміз оқып өзіміздің оқып жатқан университетіміз жайлы. Басқа командалар да жақсы дайындалған. Фестивалге нық дайындалып келдік. Облыс әкімінің кубогын аламыз деп ойлаймын.

Көтеріңкі әзілдерімен қыздар құрамасы да қалыс қалып жатқан жоқ. Университеттегі Тіл және әдебиет институтының “ИБД” құрамасы да қалжыңмен жастарды қарық қылуға барын салмақ.

Лилия Гафиатулина – “Институт благородных девиц” командасының мүшесі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ:

-Әзілкештер жарысына бірінші рет қатысып отырған жайымыз бар. Әзірге, енді-енді тәжірибе жинап жатырмыз. Көрермендерге ұсынатын әзілдеріміз махаббат, достық тақырыбында.

Айта кетсек, облыс әкімі кубогы сарапқа салынатын халықаралық фестиваль қарашаның 15-і Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтеді.

 

 

Бакыт Садуакасов