Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары “Жаяу жүргінші жолы” акциясын өткізуде

Дарья Родная – №10 орта мектеп оқушысы:

-Маған сабақ ұнады. Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мұндай маңызды ережелерді білмей жүру өмірге өте қауіпті.

Кездесу барысында оқушылар тәртіп сақшыларына жолда жүру ережесін қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Олар қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріп отырды. Дегенмен де жолда жүру тәртібін тыңғылықты білу үшін полицейлер жасөспірімдерге жадынамалар таратты. Айта кету қажет, үстіміздегі жылы алты бірдей жол-көлік оқиғасы балалардың кінәсінен орын алған.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД ӘПБ инспекторы:

-Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 69 жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде, 14 адам қаза тауып, 60-ы түрлі жарақаттар алды.

Жалпы қазанның 24-іне дейін жалғасатын шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзудың 363 фактісін анықтаған. Оның 126-сында жаяу жүргіншілер кінәлі екен. Ал көшеде жаяу адамдар жолағында жүргіншіге жол бермегені үшін 17 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Риат Шони