Қоғам

Арнайы оқыту курстары арқылы ПИК-нің төрағаларының біліктілігі жетілдірілуде

Сергей Худяков, СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:

-Бұл курс ПИК төрағалары мен тұрғын үй-коммуналдық саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған. Біліктілікті арттыру сабақтары “Қазақстанның ТҮКШ-н дамыту және жаңғырту орталығы” АҚ бастамасымен өткізілуде. Осы жылы 250 солтүстікқазақстандықты оқыту жоспарлануда. Бүгінде осы курстан 70-тен астамы өтті.

Людмила Лазаренко “Шолпан” ПИК-ін басқарады. Нәзік жанды 5 күндік семинарда көп мағлұмат алғандығын айтады.

Людмила Лазаренко, “Шолпан” ПИК төрайымы:

-Менің ойымша, оқыту курсына барлық ПИК төрағалары қатысуы қажет. Мұнда мен сметалық құжатты қалай әзірлеу керектігін білдім. Сондай-ақ, айлық, жылдық жұмыстарды жоспарлап, шығындарды есептеуді үйретті. Тұрғындардың тілін тауып, штаттағы жұмысшылардың жалақысын тағайындау туралы мәліметтер берілді.

ПИК төрағасы өз ісін жетік біліп, барлық құжаттарды дұрыс ресімдеп, айлық, жылдық жұмыс ауқымын журналдарға толтырып, тұрғындарға ұдайы есеп беріп отырғаны жөн. Осындай жүйелі жұмыстың арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге болады дейді облыстық ПИК қауымдастығының төрағасы Сергей Худяков.

Сергей Худяков, СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:

-Оқыту курсында ПИК-і төрағаларына заңдағы өзгерістерді таныстырамыз. Энергоүнемділіктің тиімділігін, ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының маңыздылығын түсіндіруге тырысып жатырмын. Олар мемлекеттік мекемелердің олардан не талап ететінін ұғуы керек.

ПИК төрағаларына арналған оқыту курстары қараша айының ортасына дейін жалғасады.

 

 

Берик Касен