МТРА жаңалықтары

Жастар арасында құқықбұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидасын қалыптастыру

Әйел адамның кәмелет жасына толамаған ұлы колледждегі сабағының 144 сағатын босатқан. Сол үшін оған СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Несібелді Жәнібекова 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады. Колледж қабырғасында өткен сот процесіне прокурорлар, ІІД-нің қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің өкілдері мен аталмыш оқу орнының 100-ден астам студенті қатысты.

Татьяна Никитина, Петропавл темір жол көлігі колледжі директорының орынбасары:

-Үлгі ретінде көрсетілген сот процесі студенттерге оң ықпал етеді деген ойдамын. Олардың кейбірі заң алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Ата-аналарының сенімін ақтап, оқуларын жақсы оқуға тырысады. Бүгін осында ұйымдастырылған шара арқылы біз жастарды заңды сақтауға, құрметтеуге үйретеміз.

 

Берик Касен