Спорт

Шинкиокушинкай-каратэ бойынша ашық қала чемпионаты өтті

Владислав Рожко, жарысқа қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

 

-Маған спорттың бұл түрі ұнайды. Айналысқаныма небары бір жұма ғана. Бірақ, алғашқы жекпе-жекті жеңіспен аяқтадым.

Қызыл белдіктегісі – Көкшетаудан келген 13 жасар Дидар Мұхаммедкәрім. Ол петропавлдық қарсыласына есе жіберіп алды. Десе де оған жас спортшы “Жеңілгенді жер көтереді” деп мойыған жоқ.

Дидар Мұхаммедкәрім, жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы:

-Қарсыласым өте мықты екен. Ал менің бұл спорт түрімен айналысқаныма бір жыл ғана. Әрі бүгін бірінші рет үлкен дәрежедегі чемпионатқа қатысып отырмын.

Каратешілерге қолдау көрсетуге келген жұртышылықтың арасында ата-аналардың қарасы басым. Әрқайсысы – өз баласының жанкүйері.

-Баламның қатысқанына бір жыл болды. Бүгін жеңіске жетуіне тілектеспін.

-Ұлым жеңсе екен. Оның үздік спортшы болуын тілеймін.

Жалпы шинкиокушинкай-каратэ бойынша ашық қала чемпионаты 20 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Додаға қатысушылардың жас аралығы 6 мен 13 жас шамасында.

Руслан Сәрсенбаев, СҚО Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті:

-Қатысушылар саны жыл санап көбейіп келеді. Ал бүгін жергілікті спортшыларды іріктеп аламыз. Олар облыс құрамасының құрамында ҚР чемпионатына қатысады. Ол келесі айда Теміртау қаласында өтеді.

Сайыс соңында жеңімпаздарға кубок, медаль және дипломдар табысталды.

 

 

Акбопе Танирберген