МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының ІІІ отырысы өтті

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

-Елімізде 2013-ші жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары ашыла бастады. Бүгінде олардың саны 13-ке дейін жетті. Қатарында біздің университетте бар. Бір жылдың ішінде біз өз білім ошағымызда татулық пен достықты нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткіздік. Аз уақыт өтсе де ұйымымыз үйренушіден үйретушіге айналды. Осы жиында біз өзге аймақтардың кафедраларымен тәжірибе алмасып, өз жұмысымыздың сапасын одан әрі арттырмақ ниеттеміз.

Еліміздің ЖОО ашылған кафедралардың оқытушылары талай жұмысты атқарды. Мәселен, екі жылдың ішінде Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеттегі аталмыш ұйым Ассамблеяның жұмысына қатысты 4 жинақты жарыққа шығарған. Мұндай еңбектердің елімізде орнаған ұлтаралық достықты оған ары нығайтуда пайдасы зор болмақ.

Нұрбек Шаяхметов – ҚР Президенті жанындағы “Қоғамдық келісім” РММ өкілі, Астана қаласы:

-Ұлт жоспары 100 нақты қадам бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ол бір тектілік пен бірлік бағытын жүзеге асыру. Осы тапсырмаларды орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының атқарар рөлі орасан зор.

Жалпы еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары Республикалық қауымдастығының 3-ші отырысының сұхбаттасу алаңы Достық үйінде жалғасады.

 

 

Риат Шони