Спорт

СҚО ерлер арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының кіші туры мәресіне жетті

Мамаш Омаров – бас төреші:

-Дәл қазір мұнда бірінші орын үшін күрес жүруде. Егер петропавлдық команда 9 ұпай ұтып алса, олар алдыңғы қатарға шығып, үздік атанады. Екінші орынды атыраулықтар, ал үшінші орынға «Хромтау» командасын жеңген шымкенттіктер тұрақтайды.

Бірінші партия басталып та кетті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ, «Атырау» командасы өздерін сенімді ұстады. Ал жерлестеріміз болса, қателік жіберіп аламыз ба деген қорқыныш сезімінің кесірінен алға шыға алмай отыр. Бұл таймды «Есіл СК» командасы жеңілспен аяқтады. Дегенмен спортшылар мен жанкүйерлер жеңістен мүдделі.

-Бірінші партияда жігіттеріміз алаңғасарлық танытты. Шабуылдары сәл әлсіздеу болды. Бірақ біздің құрама жеңеді деген ойдамын.

-Бұл лигаға алғаш рет шыққсын болар, ойыншыларда қобалжу бар. Жауапкершілік артты ғой. Ойыннан мол әсер алып отырмын.

-Партияның біріншісі біздің команда үшін сәтсіз аяқталды. Алда әлі 4 партия бар. Қазір жігіттер жиналып, жақсы ойын көрсетеді.

Ал екінші кезеңде спортшылар тең түсті.

Солтүстікқазақстандықтар келесі таймды жеңіспен аяқтауға шақ қалып еді, бірақ атыраулықтар дес бермей жерлестерімізді тізе бүктірді. Таблодағы есеп 22:25. Үшінші партияның алғашқы минутынан спортшылар нашар ойын көрсетті. Шабуылдары мен доп берулері әлсіз, ал қойған блоктарын қарсыластары оңай аша түсті. Ойынның орта кезінде «Атырау» командасы 10 ұпайға алға шығып, жеңіске жетті.

Александр Стольников – “Атырау” ВК мүшесі:

-Біз аз қателік жібердік. Сол себепті жеңдік деп ойлаймын. Әр ойында үлкен жауапкершілікпен, алға деген сеніммен шықтық. Әрі біздің доп берісіміз мықтылау болды ма деймін.

Жергілікті команда мүшелері жабырқап қалды, дегенмен алдағы кезеңдерде жеңіске жетеміз деген сенімде.

Сергей Щавинский, “Есіл СҚ” ВК байланыстырушысы:

-Бүгін біз өзімізді тек жаман жағымыздан көрсеттік. Алдыңғы ойындарды әдемі ойнап едік. Командамыз жаңа қалыптасып келеді. Сол себепті жеңіс те жеңіліс те біздің құрамаға тәжірибе жинауға ықпалын тигізетіні сөзсіз. Дегенмен, бұл біздің соңғы ойын емес қой.

Турнир қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық «Есіл СК» командасы атыраулықтардан жеңіліс тауып екінші орынға тұрақтады.


 

Айгерим Ержанова