Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК оңтүстікқазақстандық “Мақтаарал” командасын 2-1 есебімен ұтты

Осыны ұғынған теріскейлік аяқдоп шеберлері бірден шабуылға кірісті. Қонақтар алаң иелерінің мұндай ойын мәнеріне дайын болып, қауіптің бетін дер кезінде қайтарып отырды. Кездесудің 13-ші минутында Мақтааралдың қақпасына бұрыштама белгіленді. Мұны сауатты орындаған “Қызыл-Жар СҚ” командасының жартылай қорғаушысы Али Алиев таблодағы есепті өзгертті.

Бірінші болып гол жіберіп алған қонақтар дереу есепті теңестіруге тырысты. Дәл сондай бұрыштама енді біздің қақпа маңында ойнатылып, оңтүстікқазақстандықтар аз уақыттың ішінде шабуылшы Асқар Абутовтың арқасында гол соқты.

Бұдан кейін ойын қызуы алаңның ортасына қарай ауып, осы кезде алғашқы тайм да өз мәресіне жетті.

-Біздің футболшылар міндетті түрде жеңіске жетеді. Ұтсақ қана жоғарғы лигаға өтеміз.

Келесі 45 минуттықта жерлестеріміз тағы да шабуылдауға аттанды. Үзіліс кезінде бас бапкер Владимир Фомичев берген кеңестерді ұтымды пайдалануды көздеген футболшылар Виталий Кувшинов қорғаған қақпаны торуылдауда. Дегенмен, мақтааралдықтар да өздерін оңай шағылатын жаңғақ емес екендіктерін дәлелдеуде. Қарымта шабуылдар ұйымдастырып, жанкүйерлерді біраз қобалжытуға дейін апарды. Бірақ, сен соқпасаң саған соғады қағидасын ұстанып, жеңіс деп жігерленген қызылжарлық қорғаушы Виктор Гунченко алыстан тоғыздықты дәл көздеп, жойқын соққымен қақпашыға еш амал қалдырмады. Айта кету қажет, 94-ші нөмірдегі ойыншыны Владимир Фомичев кездесудің басынан-ақ шабуылшының міндетін атқаруды жүктеген болатын. Бұл өзгеріс өз жемісін беріп, жанкүйерлерге жеңіс голын сыйлады.

Мусса Лимане – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:

-Ең әуелі мен өз командам мен жанкүйерлерді осы жарқын жеңіспен құттықтаймын. Ойынға келетін болсам, қарсыластар өткір мінез көрсетті. Пастарды әріптестерге тура беру, байқағандарыңыздай қиын болды. Көп қателіктер орын алды. “Мақтааралмен” туған өлкеде ойнап тұрып, тең түссек, не болмаса жеңіліс тапсақ – ол маусымның біз үшін аяқталғандығы. Сол себепті, намысқа тырысып, соңына дейін күрестік. Алда әлі екі ойын бар, оларда жеңіске жетсек, Премьер-лигаға өтуге үлкен мүмкіндік бар.

Ойын соңынан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арналып баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Оған тек жергілікті команданың бас бапкері ғана қатысты. Журналистерді негізінен қорғаушы Виктор Гунченконың не себепті өз позициясын ауыстырғаны қызықтырды.

Владимир Фомичев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК бас бапкері:

-Ең біріншіден, бұл менің құрама сапындағы шабуылшылардың ойын өрнегіне көңілім толмағандықтан. Ал Виктордың мінезі шынымен күресшіл, батырдыкіндей. Көзінде үнемі жеңіске деген от жалындап тұрады. Сол себепті, оның мүмкіндігін шабуыл шебінде байқап көруді жөн санадым. Бұл ойымды бұрын да жүзеге асырғым келген. Бүгін міне, тәжірибе жасап көріп едім, оң нәтижесін берді. Мен оған өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, Виктор голды баспен соғады деп күткем, бірақ ол нағыз шабуылшы секілді соққыны алыстан бағыттады.

“Қарасай” стадионындағы келесі ойын қарашаның 1-і күні өтеді. Онда “Қызыл-Жар СҚ” ақтаулық «Каспий» командасын қабылдайды.

 

 

Риат Шони