МТРА жаңалықтары

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының өкілдері дәріс өткізуде

Марат Ахметов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ стандарттау бойынша инженері:

-Мұндай семинарлардың пайдасы бар. Біз осы стандарттарды білу арқылы болашақта ЕАЭО мүше елдермен еркін сауда жасасып, өз өнімдерімізді қияныдықсыз экспорттай аламыз.

Оқыту семинарында электрожабдық, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын және оны өткізетін кәсіпорын өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар осылайша өнеркәсіптің 14 басым секторы бойынша алдағы 5 жыл ішінде 1 300 қызметкерді даярламақшы.

Нұртас Өтешов, “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК бас директорының орынбасары, Астана қаласы:

-Біздегі стандарттау мен сертификаттау заңдарды, техникалық жүйе толығымен БСҰ-ның талаптарына толығымен сәйкестендірілді. Бұл жұмыстар 10 жыл көлемінде жүргізілген болатын. Стандарттар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты міндетті және міндетті емес деп 2 деңгейге бөлінді.

Оқыту семинары өңірімізде 5 күнге жалғасады. Жиында ұйымдастырушылар жерлестерімізге техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, аккредиттеу, метрология сипаттамалары мен негіздері турасында дәріс оқиды.

 

 

Берик Касен