Білім

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатына 80 жыл

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

-Құрметті қонақтар, ұстаздар мен түлектер, сіздерді 80 жылдық мерекемен құттықтай отыра сіздерге еліміздің гүлдену жолындағы адал еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта барлық бастамаларыңыздға сәттілік тілеймін.

Айта кетейік, Петропавлдағы аталмыш білім ұясы соңғы уақытта түлектердің білім деңгейін анықтайтын Ұлттық біріңғай тестілеуден алдыңғы орында келеді. Осы ретте мектеп оқушыларына сапалы білімді бойларына дарытып жүрген ұстаздардың үлесі қомақты. Салтанатты жиында ұзақ жылдар бойы шәкірттерге тәлім-тәрбие беріп жүрген мұғалімдер сіңірген еңбегіне қарай, облыс әкімінің мақтау грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.

Алия Малдыбаева – Әбу Досмұхамбетов атындағы ОДБМГИ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

-Мен осы мектеп-интернатқа ҚазГУ-ді бітіріп, 22 жасымда келген едім. Содан бері 40 жыл өтіпті. Осы мектепте істеп келе жатырмын. Бір адамның ғұмыры, артыма қарайласам – ол менің шәкірттерім. Еңбегім еленіп келе жатыр, Аллаға шүкір. ҚР құрметті қызметкері мен оқу ісінің үздігі деген атақтарды алдым.

Ал білім ордасында 20 жылдық еңбек өтілі бар, физика пәнінің мұғалімі Бекет Мұстафин Ыбырай Алтынсариннің төсбелгісін тағынды. Оқытушы еңбегін бағалап, марапаттап жатқандарына алғысын білдірді.

Бекет Мұстафин – Әбу Досмұхамбетов атындағы ОДБМГИ физика пәнінің мұғалімі:

-Қазіргі кезде физика пәніне деген балалардың қызығушылықтары артты. Елімізде зауытттар мен әскери оқу орындарына түсу үшін осы сабақты жетік білу қажет. Бұл марапаттың жөні маған ерекше. Бұл ең біріншіден ұжымның арқасы деп білемін.

Сондай-ақ, кеште Білім және Ғылым министрілігінің алғыс хаттары да заңды иесін тапты. Оқу орны 80 жылдың ішінде талай шәкіртті қанат қақтырды. Қазір олар ел экономикасының түрлі саласында табысты еңбек етіп келеді. Бұл күні оқушылар да өз мектептеріне ігзі тілектерін жеткізді.

Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Бакыт Садуакасов