Қоғам

Ұлтаралық татулықты насихаттауға арналған жиын

Аян Алыпқаш, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:

-Жастарға діни тұрғыдан дұрыс бағыт берілсе олар басқа ағымдар мен теріс әрекеттерден бойын аулақ ұстайды.

Қазір әлемде алауыздық пен берекесіздік орнаған заманда ұлтаралық келісім мен конфессияаралық татулықты күшейткен абзал. Сонда ғана жамандық атаулы елімізді айналып өтетін болады деді жиында баяндама оқығандар.

Нұрсаят Саркен, СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры:

-Семинардың тақырыбы: “Этносаралық дінаралық келісім тәуелсіз елдің негізі”. Жиынға облысымыз жастары қатысуда.

Дөңгелек үстел отырысында 7 адамның баяндамасы тыңдалды. Олардың ойы достық, бірлік тақырыбының төңірегінде өрбіді. Жылпы осы жиынды ұйымдастырған Жастар бастамалары орталығы жыл басынан бері 15 семинар өткізген.

 

Берик Касен