Мәдениет

“Лулу” шығыс би студиясына 3 жыл

Яна Калюжная, “Лулу” би студиясының тәрбиеленушісі:

-Конкурс алдында тыңғылықты дайындаламыз. Соның арқасында жеңістерге жетудеміз. Мәселен, Петропавлда өткен аймақтық байқауда мен “Классикалық мизансше” және “Араб биі” аталған екі номер көрсеттім. Екеуі де үздік деп танылды. Бидің дәл осы түріне қызығушылығым зор.

Бүгінде мұнда бимен айналысатын нәзікжандылардың кішісі 5-те, ал ең ересегі 55 жаста. Студия құрылғалы өнер ұжымы облыстық, республикалық және халықаралық фестиваль-байқауларда өнер көрсетіп, жетістіктерге жеткен. Оның дәлелі мына – кубок, медаль және дипломдар.

Татьяна Дмитриева, “Лулу” би студиясының жетекшісі:

-Біз ұйымдастыратын “Хелва” конкурсының аймағы кеңіп келеді. Мәселен, биыл қатысушылар 170 номер көрсетті. Оның барлығы – шығыс билері. Біз ешбір сайыстан қалыс қалмаймыз. Себебі, менің шәкірттерім өзге қалалардағы бишілермен тәжірибе алмасса, үйренсе деймін. Қыздар жеке және топпен өнер көрсетеді.

Қазір “Лулу” би студиясының ұжымы қазанның 17-18 аралығында Ресейдің Омбы қаласында өтетін халықаралық байқауға қызу дайындық үстінде.

 

 

Акбопе Танирберген