Қоғам

СҚО сотталушылар арасында “Үміт-2015” байқауы өтті

Айқын Баженов – ЕС-164/6 мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Көрмеге жылда қатысатын Анна есімді сотталушы бар. Байқауға оның 5-6 картинасы әкелінді. Суретте ол табиғатты, аң-құстарды салғанды жақсы көреді. Біздің мекемеде жазасын өтеушілерге шығармашылықпен айналысуға арнайы уақыт беріледі. Бір суретке шамамамен 1 апта уақыт кетеді.

Бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылған сайыс екі номинация бойынша өтті. Бірі – суретер, екіншісі – қолөнері бұйымдары. Байқауға барлығы акварель, гуашьпен боялған 30 картина мен темір және ағаштан жасалған 40-қа жуық бұйым ұсынылды.

Инна Рипачева – «ЮНЕСКО Клубы» көркемөнер лицейiнiң директоры:

-Көрмеге тамаша суреттер мен бұйымдар қойылған. Жазасын өтеушілерге шығармашылықпен айналысуға уақыт берілетіні қуантады, әрине. Өнер арқылы олар өмірін, ішкі жан жүниесін жеткізеді ғой. Ал «Үміт-2015» байқауы бұл жандардың бойында шынымен де үміт отын жандырып, өмір сүруге деген құлшыныстарын оятады деген ойдамын.

Айту керек, қазылар алқасының мүшелері байқауға әкелінген заттарды жоғары бағалауда.

Руслан Кодзоев – ағаш шебері:

-Жазасын өтеушілер нағыз шебер болмағанымен олар өмірде күнделікті пайдаланатын әдемі заттар жасапты. Оның ішінде ерекше атап өтетіні, ағаш бесік, кеме, қобдишалар мен темірден жасалған қоқыс жәшіктері. Шамалары келгенше, қолда бар заттан көп-көрім дүниелер жасағандары көрініп тұр.

Байқау соңында 3-ші орын иегеріне – 5, 2-ші орынды жеңіп алғанға – 10, ал ең үздігіне 15 мың теңге көлемінде ақшалай марапат тағайындалды. Сондай-ақ, еңбегі жоғары бағаланға 4 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болды.

 

Айгерим Ержанова