МТРА жаңалықтары

“Бизнестың жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы өңірде қарқынды жүруде

Максим Корчагин – “DEZ” ЖШС технолог-шебері:

-Жалақы уақытында беріліп тұрады. Айлығымыз орташа – 75 мың теңге. Мұнда жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Асхана, демалуға арналған және жуынатын бөлмелер бар. Қондырғылардың барлығы автоматтандырылған. Басқару өте ыңғайлы.

Ал ұнның сапалы болуы зертханада тексеріледі. Бұл жерде 4 маман екі ауысымда жұмыс істейді. Дәл қазір Галина Булына ұнның ақшылдығын тексеруде.

Галина Булына – “DEZ” ЖШС зертханашысы:

-Күніне қанша Камаз келсе, соның барлығындағы астықтан сынама аламыз. Ең әуелі бидайдың қандай сыныпты екендігін анықтаймыз. Сосын нәтижені ұн өндірісіне жөнелтеміз. Бидайдың класы ұнның сұрпына сәйкес келуі керек.

2002 жылы басталған “DEZ” серіктестігі жалпы мелекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдаланады. Осы жылы кәсіпорын “Бизнестің жол картасы 2020” жобасы арқылы 7 пайыздық үстемақымен 237 млн теңгенің несиесін рәсімдепті. Осының арқасында серіктестік 6 Камаз, кептіргіш пен бидай сақтайтын қоймаға қол жеткізген. Айта кету қажет, кәсіпорын 1-ші сұрыптағы ұнды өндіру үшін 3-ші және 4-ші класстағы бидайды жергілікті диқандардан сатып алады екен.

Зекаи Танрыкулу – “DEZ” ЖШС директорының орынбасары:

-Бастапқы кезде өндіріс көлемі тәулігіне 90 тонна болатын. Кейін 2010-шы жылы мемлекеттік қолдауға жүгіндік. Осының арқасында өндіріс көлемі бірден тәулігіне 275 тоннаға артты. Қазір кәсіпорында 49 адам еңбек етеді. Өз өніміміздің 75-80 пайызын Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдеріне экспорттаймыз. Мемлекет қолдауының арқасында біз әлемдік дағдарысты сезініп отырған жоқпыз.

Айту кету қажет, серіктестік өз өнімін “DEZ” маркасамен саудаға шығарады. Сонымен қатар, жергілікті наубайханаларға 1-ші сұрыптағы ұнды 30 пайыздық жеңілдікпен сатады екен. Мұның арқасында өңірімзде ас атасы – нанның бағасы тұрақты.

 

Риат Шони