Спорт

Петропавлда бокстан облыс чемпионаты басталды

Осыдан соң спортшылардың өнерін тамашалайтын сәт туды. Алғаш болып ринг төріне Ғ. Мүсірепов ауданы мен петропавлдық жас өрендер шықты.

Жандос Опабеков – жарысқа қатысушы, Ғ. Мүсірепов ауданы:

-Жарысқа жақсы дайындалдым. Жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Төреші белгісі берілгеннен-ақ боксшылар бірден шабуылға көшті. Бір-біріне оңды-солды соққылар жасап қоржындарын ұпаймен толтырудың амалдарын қарастыруда. Алғашқы раудта Ғ. Мүсіреповтік спортшы басымдығын көрсетіп, кездесуде кім қожайын екенін дәлелдегендей болды. Алайда, екінші кезеңде петропавлдық боксшы ес жиып қарсыласына тегеурінді қарсылық көрсетті. Дегенменде қызыл жейдедегі былғары қолғап шебері турнирдағы өзінің алғашқы жеңісіне жетті.

Сағадат Нұрғалиев – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Кездесу өте қиын болды. Қарсыласыммен екінші рет кездесіп ұтылып қалдым. Келесі жолы міндетті түрде жеңемін.

Облыстық жарысқа өңіріміздің 5 ауданы мен Петропавл қаласынан жалпы саны 93 спортшы қатысуда. Олар 13 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Турнир жеңімпаздары теріскей намысын алдағы уақытта өтетін ел біріншіліктерінде қорғамақ.

Азамат Жақиянов – турнирдің бас төрешісі:

-Дәстүрлі түрде өтетін облыс чемпионатына биылғы жылы ең мықты деген боксшылар қатысуда. Олар 17-16 және 15-14 жастағылар болып екі топқа бөлінде. Қатысушылардың араларында түрлі жарыстарда жеңіске жеткен балалар бар. Осы турнирдың арқасында біз өңіріміздің құрамасын жасақтамақпыз.

Облыстық жарыс Петропавлда үш күнге жалғасады. Жеңіс тұғырынан көрінген шаршы алаң шеберлері медель, кубок, мақтау қағаздарымен марапатталмақ.

 

 

Култанов Байболат