Құқық қорғау органдары

Өңірде «Автобус» және «Борышкер» жедел алдын алу операциялары жүргізілуде

Оның 5-уі қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен орын алған. Алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында қазанның 14-інен бастап ел көлемінде «Автобус» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде. Іс-шараға өңіріміздің 500-ден астам тәртіп сақшысы білек сыбана кірісіп кетті.

Әліш Жұмағұлов – СҚО ІІД ӘПБ бөлімінің бастығы:

-Қоғамдық көліктермен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Акцияның алғашқы күні-ақ 139 заңбұзушылық анықталды.

Кейбір автобус жүргізушілері көлікпен келе жатып телефон арқылы сөйлеседі. Ондай 28 факті тіркелген.
Қоғамдық көліктердің жолда жүруі полиция қызметкерлерінің үнемі назарында. Өңірде ұйымдастырылған «Борышкер» жедел-алдын алу шарасының масқаты да осы – көшедегі тәртіпті сақтау.

Болат Жексембинов – СҚО ІІД ӘПБ бөлімінің бастығы:

-Осы шараға әкімшілік полиция басқармасының 400 қызметкері мен 99 бірлік техника қатысуда. «Борышкер» операциясының алғашқы күнінде тәртіп сақшылары осыған дейін әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төлемегендерден 4,5 млн теңге өндіріп алды.

Еске сала кетейік, әкімшілік заңбұзушылық жасағаны үшін айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілердің қарызды өтегенше көлігін тіркеу жөніндегі куәлігі тәркіленеді.


 

Магжан Ахмадина