Аптадағы маңызды жаңалықтар

Азық бағасы бақылауда

Валентина Валдер – “Алекри Фирмасы” ЖШС сатушысы:

-Біздің серіктестік саудалайтын жұмыртқаның бағасы өзгелеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Күніне құс фабрикасы 5-6 қорап өнім өткізеді.

Базардан сұйық майды да қалтаңызға қарай табуға болады. Коммуналдық базардан керектісін алып жүрген жерлестеріміздің басым бөлігі – зейнеткерлер. Қарттар, тұрақтандыру қорынан әкелінген қант пен жұмыртқаны қызу сатып алуда.

Лидия Пыльнева – зейнеткер:

-Өз басым үнемі сенбілік жәрмеңкелерден қажетті өнімдерді сатып аламын. Бағаның сәл өскені байқалады. Бірақ, іздеп көрсең, арзанырағын табуға болады.

Иван Пивняк – зейнеткер:

-Базардан екі келі қант сатып алдым. Келісі – 175 теңге. Өзім азық-түлік өнімдерінің бағасына қатты мән бермеймін.

Қаладағы “Рахмет” сауда үйінде орналасқан “Северный” супермаркетінде қантпен қоса күріш те тиімді бағамен өткізілуде. Ал “Пирамидада” сұйық майдың литрі 336 теңге тұрады. Шекер келісінің құны – 175 теңге. Сауда орнының әкімшілігі қанттың қоймада 1,5 тоннасы бар екендігін айтты. “Рахат” сауда орталығында да халық жиі тұтынатын тауарлар төмен бағамен ұсынылуда.

Құралай Жарова – Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

-Қала базарларында халық көп тұтынатын қант, жұмыртқа, сұйық май мен күріш төмен бағамен сатылып жатыр. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан жеткізілген қанттың бір келісі – 175 теңге, жұмыртқаның 10 данасы 140-145 теңгеден босталады. Ал сұйық майдың құны біраз шарықтап кеткендігі рас. Оның басты себебі – өнімнің негізгі бөлігі Ресей елінен жеткізілуде. Сәйкесінше, өндіруші кәсіпорындар бағаны көтеріп жібергендіктен жергілікті жерде де тауардың қымбаттағаны байқалады.

Жалпы Петропавл қаласындағы 96 сауда орнында сатылатын азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында күн сайын мониторинг жүргізілуде.

 

 

Бакыт Садуакасов