Балалар

Жайдарманның маусым ашар ойындары өтті

Евгений Зюзько, Назарбаев Зияткерлік мектебі “Ботандар” командасының ойыншысы:

-Біздің мектебіміз енді ғана ашылды. Соған қарамастан түрлі сайыстар мен бәсекеге түсуден қалмай қатысамыз. Бүгінгі әзілдеріміз тарихи маусым болғандықтан тарих, мектеп жайлы айтылды. 1 жұма ішінде дайын болдық.

Мұнда көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Петропавлдағы Ұлттық ұлан Әскери институттың құрамасы мен Ақжар ауданының “Ленинград” командалары да бар. Мәселен, Әскери институттың ұжымы Жайдарманға курсанттардан команда жасақтаудан жалыққан емес. Биыл оқу орнының құрамасы 9-шы жыл өнер көрсетуде. Олардың әскери өмірден алынған әзілдері зал толы жұртты қыран-топан күлдірді.

Жалпы биыл Жайдарманда жаңашылдықтар көп. Мәселен, бұрын маусымашар ойындары жылдың басында ұйымдастырылатын. Ал биылғы жаңа маусым оқу жылының басталуымен ұштастырылды. Сондай-ақ, барлық 13 ауданнан құрамалар қатысуда.

Қасиет Кәрім, Қазақстан КВН одағының редакторы, Астана қаласы:

-Бүгінгі ойынның қорытындысы бойынша 21 команданың 9-ын іріктеп аламыз. Олар 28-ші қазанда өтетін СҚО әкімі кубогында өнер көрсетеді. Ол ойынға Қазақстан КВН одағаның президенті Есен Елеукен мырза келеді. Сондай-ақ, облыс әкімі қатысады деп күтілуде. Жақсы ойын болады деп ойлаймыз.

Ал облыс әкімінің кубогы ойындарына өтпеген өзге 12 команда ширек финалға жолдама алды.

 

 

Акбопе Танирберген