Без категории

ҚР ҰҰ әскери институтында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми семинар өтті

Сабыр Ыбраев – тарих ғылымдарының кандидаты, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

-Қазақ хандығы осыдан 550 жыл бұрын пайда болды деуге келмейді. Оның құрылуы сонау сақ және ғұн дәуірінен бастау алады. Жастар өзінің ертеңін, қай рудан шыққандығын бес саусағындай жатқа білуі тиіс. Жиынның түпкі мақсаты да осында жатыр. Ал өткенді жас толқынға жеткізу біздің парызымыз деп білемін.

Әскери институттың аға оқытушысы Оспан Әбдуәлиев семинарда Қазақ хандығының 550 жылдық тарихына шолу жасады. Ұстаз ата-бабамыздың ерлігі болашақ офицерлерді патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі деген пікірде.

Оспан Әбдуәлиев – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының аға оқытушысы:

-Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған конференция арқылы біздер курсанттарға отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіреміз. Курсанттар болашақ офицер болғандықтан қызмет бабында осы бағытты ұстанса деген тілек бар. Олар кезінде ел билеген хандар мен батырларды ұмытпаулары керек.

Әскери институт ұжымы Қазақ хандығы туралы тағылымы мол іс-шараларды жыл бойына өткізбек.

 

 

Бакыт Садуакасов