Өнеркәсіп

Қала оқушылары “КазТехМаш” зауытының жұмысымен танысты

Өңіріміздің дамуына зор үлес қосып жатқан кәсіпорындардың бірін жастар қызыға аралады. Мәселен, Дарья Ибраеваға өңірімізде жинақталып құрастырылатын “Сампо Азия” комбайнының кабинасы ұнапты. Іші жылы, таза әрі кең, бастысы жүргізушіге ыңғайлы дейді ол.

Дарья Ибраева – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің оқушысы:

-Бүгінгі экскурсия қызықты болды. Біз комбайнның қалай жасалатыны туралы көп мәлімет алдық. Олардың бөлшектерімен таныстық. Маған ұнады.

Мынадай алпауыт зауытқа оқушылар алғаш рет келіп отыр. Алып техниканың әрбір бөлшегінің қалай іске жарайтыны ұлдар түгіл қыздарға да қызықты. Бұл шараны ұйымдастырған – жастар бастамалар орталығы.

Айдар Айдаралиев – облыстық жастар бастамалар орталығының талдаушы кеңесшісі:

-Бүгін жастар бастамалар орталығы мектеп түлектеріне арналған экскурсия ұйымдастырып отыр. 00:40-51/Экскурсияның басты мақсаты – балаларды еңбек жұмыс орындарына тарту. Болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.

Зауыт ағымдағы жылы шілде айында іске қосылды. Аз уақыттың ішінде кәсіпорын 22 комбайн жасап шығарған. Казтехмаштың комбайндары биылғы орақ науқанына да қатыстырылды.

 

 

Айгерим Ержанова