Қоғам

Петропавлда Швеция елінің азаматтары “Апостолы Линнея” атты энциклопедияны таныстырды

Сол 17 тәрбиленушінің бірі Йохан Петрфальк Солтүстік Қазақстанға келіп, табан тірейді. Бұл жерде ол Петропавлдың шығу тарихы, аумағын және халқын зерттеп-зерделеген. Кейін швед апостолының шәкірті туған жеріне оралғанда жиған-тергеннін, көргені-білгеніне ұстазына баяндап берген. Ал бүгін олардың ізбасарлары сол уақытта қағазға түсірілген жазбамен облыс тұрғындарын таныстырды.

Христиан Камилль – Швецияның Қазақстандағы елшісі:

-Бүгін мен филонтропиялық «Фонд и К» өкілдерімен бірге солтүстік жеріне арнайы іс сапармен келдім. Бұл қор тарих және табиғатты зерттеумен айналысады. Осы ретте жерлестерім Қазақстанның солтүстік өңірімен жақын танысып, Йохан Петрфальктың жинаған мәліметтерімен бөлісіп, жаңа ақпарат алғылары келеді. Айта кету керек, сонау заманда жинақталған жазбаны энциклопедия қылып шығару үшін Ларс Янсен тура 10 жылын сарп еткен. Яғни бұл, мәліметтің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Шетелдік меймандарды қарсы алған теріскейлік мамандар шведтердің өңіріміздің тарихы туралы біраз мағлұмат алды дейді. Олар облыстық мұражаймен танысу барысында жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытқан.

Людмила Фельк – облыстық өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің басшысы:

-Шыны керек, мен бұл кездесуден мол әсер алдым. Өзім үшін көп мағлұмат алдым. Йохан Петрфальк біздің жеріміз туралы біраз ақпарат жинапты. Оның ішінде фауна мен флора, этностар туралы, тіпті Есіл өзеніне гидрографиялық мінездеме берген. Сондай-ақ, суретшілер өңіріміздің сол замандағы кейпін қағаз бетіне түсіріп отырған. Бұл тарихымызды зерттеуге үлкен көмек болды. Бұл біз үшін өте маңызды.

Карл Линней шәкірттерінің жазбалары бүгінде энциклопедияға жинақталып, 8 томнан тұратын кітап болып 1 мың данамен басылып шыққан. Енді меймандар дәл осындай кездесуді келер жылы Орал қаласында өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Айгерим Ержанова