МТРА жаңалықтары

М.Жұмабаев ауданының оқушылары өңіраралық жиыннан олжалы оралды

Талпынысының арқасында Александр Ресейдің Түмен қаласында өткен оқушылардың VIII орман шаруашылықтарының слетінде жүлдегер атанды. Жерлесіміз байрақты бәсекеде өзінің тапқырлығымен танылып, “этимология” аталымында үшінші орынға ие болған. Сайыста қатысушыларға белгіленген уақыт ішінде жәндіктерді тауып, оның атауын анықтау міндеті жүктеліпті.

Александр Тарасов – №2 Булаев орта мектебінің 9-сынып оқушысы:

-Мен сайысқа жақсылап дайындалдым. Ғаламтор мен энциклопе́диядан Түмен облысында кездесетін жәндіктерді қарап, білімімді толықтырдым. Осы ізденісімнің арқасында жүлдегер атандым. Қарсыластарым да мықты болды. Бірінші орын алуға болар еді. Алайда, жергілікті оқушылардан ұпай бойынша артта қалдым.

Сайыста солтүстікқазақстандық қоманда 9-кезеңді мүдірмей өтіпті. Жарыста медициналық көмек көрсету, жерді бағыттау және ағаштардың саны мен түрін анықтау сынды тапсырмалар кездескен. Оқушылардан жасақталған “Лесной дозор” құрамасы байқауға бір жарым ай көлемінде дайындалған.

Зада Аманжолова – “Булаев ОШ” КММ орман өсіру және қалыптастыру инженері:

-Біз командадағы балармен орманға шықтық. Табиғат аясында жиі жұмыстар жасадық.

Айта кеткен жөн жерлестеріміз VIII мектеп оқушыларының орман шаруашылықтары слетінде өздерінің бірыңғай киім үлгілерімен де ерекшеленіпті. Осы үшін де қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленген.

Мереке Құрманғалиев – “Булаев ОШ” КММ директоры:

-Біздің құрамаға аудандық “Нұр Отан”, “Жас Отан” партияларымен қатар жергілікті кәсіпкерлер қаржылай көмек көрсетті. Балалардың киімдері мен тамақтарына қолдаушылардың ақшасы жұмсалды.

Алдағы уақытта орман шаруашылығы ісіне мықтап ден қойған шәкірттер келесі жарыстарға дайындалмақ

 

 

Култанов Байболат