МТРА жаңалықтары

«Қонақжай Петропавл-2015» байқауы ұйымдастырлды

Олардың қатарында мейрамхана, қонақ үй, кинотеатр және өзге де көңіл көтеретін нысандар бар. Бірақ, бүгіндері ондай мекемелердің саны да жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сынды күнен-күнге артып келеді. Сондықтан, арасындағы мықтысын анықтау қиын. Ал «Қонақжай Петропавл-2015» байқауы оқ бойы озық шыққан осындай мекемені белгілеуге бағытталған. Аталған сын өңіріміздің мейрамхана, қонақ үй, банк, кинотеатр және турфирмалары үшін жаңаша серпіліс болмақ. Үздік деген атаққа қол жеткізу де оңай болмақ емес.

Алена Третьякова – байқауды ұйымдастырушы:

-Байқау көңіл көтеру, тамақтану, қонақжай және туризм саласындағы үздік ұйымды анықтауға бағытталған. Мұндай шара біздің өңірде алғаш рет өткізілгелі отыр. Өтініштер 5-ші қазанан қабылданып жатыр. Қатысатын мекемелер 10 мың теңге төлеуі тиіс. Қазіргі таңда 20-ға жуық мекеме өзара бәсекеге түсуге ниет білдірді. Өтініштер қарашаның 5-не қабылданады. Кейін бір ай көлемінде арнайы құрылған сайтта дауыс беру жүргізіледі.

Тағы 5-ші желтоқсанға дейін арнайы құрылған сарапшылар тобы да өтініш түскен мекемелерге барып, өз бағасын береді. Айта кеткен жөн, байқау 18 аталым бойынша жүргізіледі. Сондықтан, қазылар алқасы да әрқайсысына бөлек құрамнан жасақталған.

Сайран Хамзин – СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:

-Сарапшылар нысандарға құпия түрде барады. Яғни, олардың бағалауға келгенін ешкім білмейді. Олар барлығын қарайды. Қызмет көрсету, тағамдардың дәмділігі және өзге де жайттарды бақылап, бағалайды. Кейін дауыс беру мен сарапшылардың ортақ бағасы жиналып, шешім шығарылады.

Алғашқылардың бірі болып байқауға қатысуға «Тбилиси» мейрамханасы өтніш білдерген. Олар мұндай сынақ ісімізге жаңа бір серпіліс береді деп отыр.

Елена Лукашова – «Тбилиси» мейрамханасының әкімгері:

-Бұл байқауға қатысу біздер үшін үлкен мәртебе. Ол біздің даму деңгейімізді айқындайды. Оз мүмкіндігімізді көрсетіп, қала тұрғындарына мейрамханамыздың қаншалықты ұнайтыны анықталады.

Байқау жеңімпаздарына берілетін сыйлықты ұйымдастырушылар құпия ретінде қалдырып отыр. Бірақ, ең бастысы, бұл сынақ қаладағы қызмет көрсету мен туризм саласындағы мекемелердің жұмысын жақсартуға жол ашпақ.

 

 

Магжан Ахмадина