Қоғам

14 қазан- дүниежүзілік стандарттау күні

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

-Әрбір шығарылатын өнім, қызметтер осы стандарттар бойынша шығарылады. Елбасымыздың қойған мақсаты бар, сондықтан барлық тауарлар дүниежүзілік стандарттарға сай болуы тиіс.

Стандарттау саласында еңбек ететін азаматтардың бүгін төл мерекесі. Жиында осы бағыттың дамуына үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Олардың қатарында Петропавл ауыр машина жасау зауытының стандарттау бойынша инженері Марат Ахметов та бар.

Марат Ахметов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ стандарттау бойынша инженері:

-Біздің зауытта халықаралық, ұлттық және өнімдік стандарттар сақталады. Сондықтан, бүгінгі мереке баршамызға ортақ. Бүкіл әріптестерімді осы мейраммен құттықтаймын. Еліміздегі сапалы тауарлардың саны артып, халық көңілінен шығатындай бола берсін.

Жалпы әлемде 19 мыңнан астам стандарттар болса, соның 11 мыңы біздің елімізде қолданылады екен.

 

 

Магжан Ахмадина