Өнеркәсіп

“Радуга” ЖШС шикізаттың 20 пайызы өзге өңірлерден алдыртады

Евгений Токушев, “Радуга” ЖШС директорының орынбасары:

-Айына серіктестікке әр өңірден 150 тонна шикізат жеткізіледі. Оны біз уатып түйіршіктелген пластмассаға айналдырамыз. Шамамен 150 тонна шикізаттан 120 тонна гранула шығады.

“Радуга” ЖШС шикізатты өңдеп, одан 60-тан астам аталымдағы өнім түрін әзірлейді. Өнімдерді сапалы әрі жылдам дайындауда қондырғылардың маңызы орасан. Қытайлық мына станок + 800 градуста түйіршіктерді санаулы секундтарда балқытып, оны ауаның қысымымен мынадай қапшықтарға айналдырады. Бұл өнімді түрлі мақсатта пайдалануға болады. Ал басқа цехтарда дәл осындай әдіспен шаң қаққыш, қалақша, ілгешек, шелек, биодәретханалар жасалуда. Тұрмыста қолданылатын бұйымдардың пішінін жартылай автоматтандырылған қондырғылар қажетті қалыпқа келтіруде.

Юрий Кувыкин, “Радуга” ЖШС операторы:

-Мұндағы әр станок сағатына 100 дана өнім әзірлеуге қауқарлы. Біз бар болғаны кем-кетік бұйымдарды іріктеп, турап қайтадан кәдеге жаратамыз.

Осылайша, қондырғылар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп айына 80 тонна дайын өнім әзірлеп шығарады. “Радуга” ЖШС тауары отандастарымыздың арасында кең сұранысқа ие. Жергілікті компанияның ел бойынша 11 филиалы бар. Серіктестік алдағы уақытта өндіріс көлемін 2 есеге ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын құрмақ. Осы күні еңбеккерлердің орташа айлығы 70 мың теңгенің маңайында.


 

Берик Касен