Денсаулық сақтау

Петропавлда тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр

Наталья Помазанова, 1-ші қалалық аурухананың инфекционист-дәрігері:

-Тұмауға қарсы вакцинаны белгілі бір топ өкілдері тегін алады. Олардың қатарына медицина қызметкерлері, жүктілігі 25 аптадан асқан келіншектер, ауруханаларда тіркеуде тұрған науқастар және 65 жастан асқан қариялар мен кішкентай балалар кіреді. Бұдан өзге адамдардың да тұмауға қарсы екпені алуы тиіс. Себебі, дәріні қабылдағаннан кейін ОРВИ вирусы жұқпайды деуге болады. Сондай-ақ, бұл препарат адамның имунитетін 1 жылға дейін қорғайды.

Ал, тауық ақуызына немесе вакцина құрамындағы өзге заттарға сезiмтал келетін жандарға және дене қызуы көтерілген адамдарға екпе берілмейді. Айту керек, әсіресе қаңтар-ақпан айларында тұмау ауруы белең алып адам ағзасын әлсірете түседі. Сондықтан, вакцинаны егу науқаны қазан-қараша айларында өткізіледі. Жалпы қосымша екпе шараларын алдын ала жүргізу маңызды дейді мамандар.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары:

-Екпе жұмыстарын жүргізу маусымы басталғалы бері жағдай қалыпты. Көбіне тұмаумен ауыратындар – мектеп жасындағы балалар. Тұмауға қарсы екпе жұмыстары ауа райына байланысты күз бен көктемде жүргізіледі. Сондықтан, бұл маусымға алдын ала дайындық жұмыстары қолға алынған. Дәрі-дәрмектер толық бар. Эпидемиологиялық жағдайдың өршуін болдырмауға байланысты жоспарлар да құрылған.

Айту керек, биыл қазақстандықтарға Норвегияда жасалған инфлювак атты тұмау вакцинасы егілуде. Біздің облысқа аталмыш дәрінің 50 мың дозасы әкелінген. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 57 миллион теңгеден артық қаржы бөлініпті.

 

 

Акбопе Танирберген