Мәдениет

Петропавлда ресейлік “Таланты мира” қорының әншілері өнер көрсетті

Ботагөз Ақмағамбетова – облыстық филармония директоры:

-Облыстық филармонияның музыканттары бүгін бір сахнада ресейлік, әлемге танымал әртістермен өнер көрсетеді. Бұл біздің бірігіе жасап отырған екінші концертіміз. Ал бастысы солтүстікқазақстандық өнерпаздар шетелдік меймандардан тәжірибе алады.

Меймандар теріскейліктерге «Золотая осень романса» атты гала концерт ұсынды. Ресейлітер жерлестерімізді өзін-өзі ұстау шеберлігімен баурап алды. Солардың бірі киелі сахнаға күлімдеп шығатын Виталий Осипов. Шетелде гастрольдік сапармен жиі жүретін ол Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

Виталий Осипов – Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының солисті, Красноярск қаласы:

-Бұл концертке біз жақсылап дайындалдық. Репертуарымыз таңдалып, бекітілді. Жергілікті көрермен нағыз өнерді бағалай біледі. Қазақстандықтарға рахмет. Ризамын.

Сахнаның сәнін келтіріп, солтүстікқазақстандықтардың зор қошеметіне Надежда Гулицкая да бөленді. Өзінің ашық дауысымен ол бірнеше тілде ән шырқады.

Надежда Гулицкая – Мемлекеттік академиялық Большой театр солисті, Мәскеу қаласы:

-Бүгін мен бірінші бөлімде 7-8 шығарманы орыс, испан және итальян тілдерінде орындадым. Петропавлдағы тыңдармандарға ұнады деген сенімдемін. Бір әнді орындау барысында біз сол туындының тарихын жеткізуге тырыстық. Бұл біздің басты мақсатымыз болды.

Айту керек, шетелдік өнерпаздар сахнада небәрі екі сағат өнер көрсетті. Бірақ соған қарамастан, жерлестеріміздің арасында ресейліктер өздерінің тыңдармандарын тапты.

Фариза Батырханова:

-Маған концерт ұнады. Мұнда анаммен келдім. Әншілердің барлығы ұнады. Әсіресе, Надежда Гулицкая. Оның дауысы әдемі.

Ермек Қадыров:

-Өте жақсы басталды. Жақсы өтіп жатыр. Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Бүгін біраз демалып қалдық.

Жаманбай Алдаев:

 

-Тамаша ғимаратта жақсы кеш болып жатыр. Осындай іс-шаралар жиі болып тұрса игі. Соған тілектеспіз.

Петропавлдықтарға тамаша көңіл-күй сыйлаған өнер иелері зор қошеметке бөленді.

Бұдан соң Давид Гвинианидзенің жетекшілігімен жүретін «Таланты мира» қорынының әртістері Павлодар қаласына жол тартпақ.

Айгерим Ержанова