Білім

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті солтүстікқазақстандық жастармен кездесті

Ақмарал Смағұлова – «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлек:

-Бұл жерде мен мемлекеттік қызметтемін. Индустриялық инновациялық жобаларды іске асыру үшін және өңірді, Солтүстік Қазақстанды дамыту үшін осы салада жұмыс жасап жүрмін. Мен үшін бұл маңызды. Қазақстанның әр аймағында жұмыс жасап, шет елден алған тәжірибеңді енгізу бұл – әрбір “Болашақ” түлектерінің мақсаты.

Айту керек, Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламаға биыл 22 жыл толды. Сол уақыттан бері 11 мың 126 қазақстандық жас алыс-жақын шетелде біліктіліктерін арттырды. Бүгінде түлектердің көп бөлігі Алматы мен Астана қалаларында абыройлы еңбек етуде дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметов.

Ғани Нығыметов – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті:

-11 мыңның ішінде 9 мың стипендиат оқуларын тәмамдап, елге оралды. Бүгінде Қазақстан игілігі үшін қызмет етуде. Жалпы СҚО-нда 50 түлегіміз қазір жұмыс істеп жатыр.
01:23-33/ Болашаққа түсу фантастика емес. Бұл бағдарлама бойынша оқуға түсу кез келген адамның қолынан келеді. Тек қана ниет керек. Оқу керек. Бізге келіп құжат тапсыру керек.

Аталмыш бағдарламаның қатысушысы атанғысы келетін кез келген талапкер бірнеше кезеңнен тұратын сынақ тапсыруы тиіс. Оқуға түскен жағдайда магистрант 23 мемлекетте орналасқан 203 ЖОО-ның біреуін таңдап, 1 немесе 2 жыл көлемінде білімін ұштайды.


 

Айгерим Ержанова