Балалар

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы жалғасуда

Жеке сектор болғандықтан шаруа бастан асады. Бірақ қыздар ең алдымен үй ішін тазартуға кірісті. Терезе жуып, шаң сүртуде. Енді бірі гүлдерді суарып жүр. Бос уақытымды бөліп, шаруашылықта қолғабыс ету аға буын өкілдерінің сонау сұрапыл соғыс жылдары жасаған ерен еңбегінің кішігірім болсын өтеуі дейді нәзік жанды.

Кәмила Шәкірова – студент, «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ белсендісі:

-Ұлдар болса су тасып, ауладағы шаруаларды тындыруда, ал қыздар үй жинап жатырмыз.

88 жастағы қария қазір төсек тартып жатыр. Оған қамқорлық көрсететін қолындағы қызы да зейнет жасында, сондықтан барлығына бірдей үлгеру мүмкін емес дейді. Мұндай қолғабыс, әсіресе, қыс мезгілі келе жатқанда керек-ақ.

Татьяна Курдина – Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы:

-Қарт адамға кез келген істі тындыру қиынға соғады. Оның үстіне әкеме қараймын деп көп нәрселерді жасауға қол тимейді. Ал бүгін жастардың бізге келіп, шаруашылықта көмектесіп жатқандары, әрине қуантады. Міне үйде тазарып, жиналып қалды. Қысқа дайындаған барлық тағамдар да орынды-орнына жайғастырылды. Алғысым шексіз.

Жалпы қыркүйек айынан бастап жасотандықтар «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 6 қарияның үйіне барып, көмек көрсеткен. Бұл шара әрі қарай да жалғасын таппақ.

 

 

Магжан Ахмадина