Бизнес және экономика

Бизнесті қолдау

Тұрар Ысқақов- СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Жыл басынан бері кәсіпкерлерден бизнесті дамытуға қолдау көрсету бағытында 216 өтініш келіп түсті. Оның 20-сын біз агенттіктің қарауына жөнелттік. Солардың 17-сі оң шешімін тапса, қазіргі таңда 3 өтінішті қарастырып жатырмыз. Осындай нәтижелі жұмыс одан әрі де жалғасын таппақ.

Негізінген мемлекеттік сатып алулар кезінде көп қателіктер орын алады екен. Бұдан бөлек, жер және салық қатынастары, табиғи монополиялар субъектілерімен өзара жұмыс жасау кезінде кәсіпкерлер тарапынан көптеген мәселелер туындайды.

Шыңғыс Қабдула- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Біз бұл салалардағы барлық проблемаларды жіті бақылауда ұстаймыз. Жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды да үне мі назарда ұстаймыз. Жалпы мемлекеттік сатып алу саласындағы барлық заңбұзушылықтар ерекше тексеріледі. Сондай қадағалау жұмсытарының 8 айдағы нәтижесінде 250 млн теңге ел қазынасына қайтарлды.

Кейін жиынға қатысушылардың назарына «СҚО бизнесін қолдау»атты сайттың жұмысы таныстырылды.

Нұрлан Жахин- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің СҚО бойынша департаменті бөлімінің басшысы:

-Бұл арқылы кәсіпкерлер өз өтініштерін осы сайтқа электронды түрде қалдыра алады. Ол үшін бізге тіркелу қажет. Сізге арнайы номер беріледі. Сол арқылы сіз кейін тиісті мамандармен тікелей хабарласа аласыз. Мұнда заңдар жайлы да ақпаратты алуға болады. Тағы пара алғаны және бергені үшін қандай жаза қолданылатындығы да көрсетілген. Бізде тағы ұялы телефонға арналған қосымша бағдарлама бар. Ол арқылы онлайн режимде мәселені шешуге мүмкіндік туады.

Кездесу соңынада екіжақ өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды.

 

 

Магжан Ахмадина