Мәдениет

Петропавлда “Су перілері туралы аңыздар” атты қайырымдылық фотокөрмесі өтуде

Су перісінің кейпінде мен бұрын-соңды болған емеспін. Сол себепті, фотосессия барысында қиындау соқты. Өмірімде алғаш рет осылай модель болуға бел будым. 6 сағат бойы жұмыс жасадық. Су перісі Ахтидің образына енуге барынша тырыстым.

Жалпы, мұндай қайырымдылық фотокөрме Петропавлда алғаш рет өткізілуде. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған шараға келушілердің назарына 15 сурет ұсынылды. Әр картинаның құны 3 мың теңге тұрады. Көрме соңында барлық жиналған қаражат жарымжан балалардың емделуіне жұмсалады.

Ксения Шалькина – фотосуретші:

-Аталмыш шараны 3 ай бойы дайындадық. Барлық фотосуреттердің саны – 15. Картиналарда 4 су перісі: Ахти, Берегина, Серена және Мавка көрсетілген. Бұл су перілердің бейнелерін сомдауға қаламыздағы қарапайым қыздарды таңдадым. Олар кәсіби модель емес. Бірақ, көрме ойдағыдай шыққан сияқты. Өнерсүйер қауымға ұнайды деген сенімдемін.

Көрме соңында сатылған фотосуреттердің арқасында 40000 теңге жиналды. Енді бұл қаржы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде беріледі. Жалпы, Петропавл қаласының тұрғындары су перілеріне арналған фотокөрмені қарашаның 11-іне дейін тамашалай алады.

 

 

Сагыныш Маркашева