Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Пасека-Қызылжар» ЖШС бал араларын қысқа әзірлеуде

Игорь Ниязов – «Пасека-Қызылжар» ЖШС омарташысы:

-Біз қазан айының 20-сына қарай Шымкент қаласына бет аламыз. Өйткені, ол жақта қысқы уақытта жылы. Бұл дегеніміз – бал араларының өмір сүрулері үшін өте қолайлы. Қазір жәндіктер дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде. Яғни, бойларын суыққа қажетті балмен толықтыруда. Осыдан соң теріскей жеріне мамыр айының басында келеміз.

“Бал араларын асырау оңай емес” дейді «Пасека-Қызылжар» серіктестігінің директоры Олег Гаврилов. Өйткені, оларға ерекше күтім керек. Жақсы өнім алу үшін қанатты жәндіктерді гүл алқаптарына жиі апарып, ұшырып тұру қажет көрінеді. Сонда ғана жоғары сапалы бал алуға болады екен.

Олег Гаврилов – СҚО омарташылар ассоциациясының төрағасы, «Пасека-Қызылжар» ЖШС директоры:

-Біз араларға ерекше көңіл бөлеміз. Жиі шөбі шүйгін, гүлге толы далаға шығарып ұшырамыз. Осыдан 1 ай бұрын біз соңғы өнімімізді алдық. Онда Ғ.Мүсірепов ауданының алқаптарына араларды апардық. Тауарымызды жиі жәрмеңкелерде ұсынамыз. Төл өнімді жуырда Ресейдің Сочи қаласында өткен өңіраралық форумда таныстырдық.

Жәндіктерді асыраумен серіктестік 20 жылдан бері айналысады. Қазір шаруашылықта карпат, гүл, донник тұқымдас қанаттылар бар. Биыл 10 тоннадан аса бал өндірген. Өнімнің жартысынан астамын өңірдің сауда орындарына өткізіпті. Бағасы да халық үшін тиімді. Тіл үйірер тәттінің бір келісі 1000 теңге тұрады.

 

 

Култанов Байболат