МТРА жаңалықтары

Жастар ұйымдарын дамыту қажет

Әлия Сарсекеева, “Қазақстан жастарының конгресі” ЗТБ атқарушы директорының орынбасары, Астана қаласы :

-Жастар ұйымы белгілі бір мақсатпен құрылу керек. Мысалы, кей ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмысшы жастардың құқығын қорғаса, басқалары экология, білім, тағы басқа салалардағы проблемаларды шешуге ат салысуы қажет. Және әр ұйым жетекшісі аудиториясымен сауатты жұмыс жасай алуы тиіс.

Дарина Башенова болашақта өз ұйымын құрмақшы. Нәзік жанды психолог, педагогтармен бірлесіп жастар арасында жиі кездесетін проблемаларды шешуге ат салысамын дейді. Тыңдаушы бұл семинардың пайдалы екендігін айтты.

Дарина Башенова, “Универсиада 2017 еріктілері” штабының үйлестірушісі:

-Осы семинар-тренингте көп нәрсе мен үшін жаңалық болды. Маған мамандар әлеуметтік жобаларды құруды, еріктілермен қалай дұрыс жұмыс жасауға керектігін үйретті.

Сондай-ақ, әр ұйымның атауы, логотипі немесе сайты дұрыс сәнделіп, мәтіндері мен мақсаты әр азаматқа түсінікті әрі қызықты болғаны ләзім. Бұл мекеменің көпшілік арасында танымал, беделді болуына септеседі дейді ұйымдастырушылар.

Айдар Айдралиев, СҚО Жастар бастамалары орталығының кеңесшісі:

-Семинар-трениг аясында шеберлік сабағын ұйымдастырудамыз. Тыңдаушыларға шараларды қалай ұйымдастыру қажет, әлеуметтік жобаларды дұрыс құруды үйретудеміз. Сондай-ақ, бренд-бук, тим билдинг деген аспектілерді қарастырамыз. Мұның бәрі ұйымға мүшелік ететін адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жақсатуға, команданы біріктіруге бағытталған.

Айта кету керек, осы күні ел бойынша 1000-нан аса жастар ұйымы тіркелген.

 

Берик Касен