Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шаралары жалғасуда

Бүгіндері даңқты ұлдың ескерткіші батыр туған жерде орналасқан. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шаралары өтіп жатқанда ұлы тұлғаның басына бармай кету мүмкін емес. Сондықтан торқалы тойды мерекелеуге жиылған жұртшылық ең алдымен Майбалық ауылының маңында орналасқан Қожарберген жыраудың мазарына келіп, рухына құран бағыштады. Бұдан соң ауқымды шаралар аудан орталығы Пресновкада жалғасты. Бұл жерде меймандар батыр бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кейін мейрам өтіп жатқан алаңға бет алды. Айтулы датаны тойлауға жиылған жұртшылықты облыс әкімінің атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтап, мерекенің маңыздылығы жайлы айтып өтті.

Анархан Дүйсенова- СҚО әкімінің орынбасары:

-Қазақ хандығының 550 жылдығын батыр, қолбасшы Ұлы Қожаберген батырдың жерінде атап өту маңызды.

1688 жылы Әз Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы етіп сайлады. Сөйтіп ол 23 жыл жоңғар шапқыншыларына қарсы күрескен қазақ жасағының бас қолбасшысы болды. Алаңда өткізілген шара барысында театрландырылған қойылым көрсетіліп, сонда ұлы тұлғаның ерен еңбегі жайлы сөз етілді. Кейін жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Көптеген ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген бұл қасиетті жердің перзенттері өздерінің Жамбыл ауданында туылғандықтарын мақтан етеді. Солардың бірі- кәсіпкер Екпін Әбиев.

Екпін Әбиев- кәсіпкер, Жамбыл ауданының тумасы:

-Мен мақтанамын. Осы өлкеде туғаныма. Өйткені кезінде Қожавберген бабамыз әскер басқарғанда бізді жаулардан сақтап қалған. Сондақтан еліміздің қазіргі жетістігі солардың арқасы деп білемін.

Кейін мерекені тойлауға жиналғандар өңір термешілірінің байқауын тамашалады. Сынға 9 солтүстікқазақстандық қатысып, жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетті.

Дәулет Балтабаев- термеші, Аққайың ауданы:

-Менің орындауымда Жәнібек Кәрменовтың «Өмір жолы»атты терме орындадым. Сондықтан барлығына сәттілік тілмеймін. Қазағым жасай берсін.

Бұдан соң меймандар № 2 Преснов орта мектебінде орналасқан Қожаберген жыраудың мұражайын аралады. Онда батырдың өмір жолы жайлы ақпарат көрсетілген. Мәдени нысанда болған облыс әкімнің орынбасары Анархан Дүйсенова мұнда келген әр адам өзінің қандай тұлғаның ұрпағы екендігін біліп өсуі керек деді. Бұдан кейін торқалы тойға келгендер ат жарысын тамашалады. Жарыс екі қашықтық бойынша өткізіліп, алғашқысына 6 шабандоз қатысты. 3200 метрде Жамбылдық Николай Скрынниковтың асығы алшысынан түсіп, ол өзгелерді шаң қаптырып кетті. Жеңімпаздар Диплом, грамота және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Николай Скрынников- жеңімпаз, Жамбыл ауданы:

-Менің жануарымның аты- Лотос. Бұрыннан жарыстарға шықсам да , аудандық сынға алғаш рет қатысып отырмын. Жеңіске жеттім. Өте қуаныштымын.

Кейін ат құлағында ойнайтын шабандоздар 10 мың метр қашықтықты бағындарды. Ал, палуандар боз кілемде белдесті. Қызылжар ауданының намысын қорғамаққа келген Қуаныш Балғабек күреспен 5 жылдан бері айналысады. Алғашқы қарсыласты жеңу қиынға соқты дейді жас спортшы.

Қуаныш Балғабек- жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

-Жаңағы қарсыласпен күресу басында қиын болағынмен кейін ұттым. Келіс ертте жүлделі орынға Арман деген баламен шығамын.

Жалпы жарысқа 70-ке жуық спортшы қатысты.

 

 

Магжан Ахмадина