Спорт

Петропавлда облыстық әскери күш құрылымдары арасында волейболдан жарыс өтті

Ұтымды шабуылдардың бірінде қызыл жейдедегі ойыншылар қоржындарын ұпаймен толықтырса, өз кезегінде көк түстегі волейболшыларда есеп санын арттыруды ойлайды. Алайда, ойынның соңғы сәттерінде әскери институт жігіттері ес жинап 3 кезеңге созылған кездесуді екі де ноль есебімен өз пайдаларына аяқтады.

Асқар Исмағұлов СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, жарыс ұйымдастырушысы:

-Дәстүрлі түрде өтетін жарысқа облыстық әскери күш құрылымдарының 70-тан аса қызметкері қатысуда. Сайыстың негізге мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау. Сонымен қатар, біздің әскери мамандық қиын да қызықты болғандықтан әр бір маманымыз физикалық тұрғыда мықты болуы керек. Алда тағы да осындай спорттық жарыстар ұйымдастырамыз.

Жалпы жарыста бақ сынау үшін 8 команда өтініш берген. Олар өзара олимпиадалық жүйе түрінде күш сынасатын болады. Яғни, ұтылған құрама сайыстан бірден шығады.

Дидар Мұқанов – СҚО ТЖД құрамасының ойыншысы:

-Дайындық өте жақсы болды. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Волейбол сайысында жеңіске жеткен командалар кубок, медаль, грамоталармен марапатталады.

 

 

Култанов Байболат