Қоғам

Облыстық әкімдікте үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мұхтар Манкеев – облыс әкімінің орынбасары:

-Өтінімдер “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасының барлық 3 бағыты бойынша келіп түсті. Барлығын қарап, тиісті шешімдер шығарамыз.

Жиында алғашқылардың бірі болып Қызылжар ауданындағы “Пальчуковская” жеке кәсіпкерлігі иесінің өтініші қаралды. Бизнес иесі жылдық 14 пайызбен “Дельта банкінен” несие рәсімдеп, дүкен сатып алған. Енді, несиесінің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуді сұрап отыр.

Сергей Киричек – “Дельта банк” АҚ Петропавл қалалық филилалының несие ресімдеу бойынша маманы:

-Банк клиенті дүкенге арналған 47,3 шаршы аумақты сатып алуға 6 миллион теңге қаржы жұмсады. Оның 1 миллионы – бизнес иесінің өз қаржысы. Осының арқасында жаңадан 2 жұмыс орны ашылады.

Кейін кеңес мүшелеріне ұн өндірумен айналысатын “ДЕЗ” серіктестігінің өтінімі ұсынылды. 14 жылдық тарихы бар кәсіпорын күніне 270 тонна ұн шығарады. Өнім Орталық Азия елдеріне экспортталуда. Бұлар да несиеміздің пайыздық мөлшерін төмендетсе деп отыр.

Зекай Танрыкулу – “DEZ” ЖШС директорының орынбасары:

-Ұнды Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне саудалаймыз. Біз өндіріс көлемін арттыру үшін банктен қарызға 230 миллион теңге қаражат алған едік. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде 11 мың тоннаның тауарын саудаға шығардық. Өтінішіміз жерде қалмайды деп ойлаймын.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері барлық 12 кәсіпорынның 11-нің өтінімін мақұлдады.

 

 

Бакыт Садуакасов