Білім

БАҚ өкілдеріне арналып Назарбаев зияткерлік мектебінде экскурсия ұйымдастырылды

Әділбек Исмағұлов – Назарбаев зияткерлік мектебінің робототехника және информатика пәнінің мұғалімі:

-Робототехника кабиентінде жаңа үлгідегі 20 құлтемір бар. Мұнда информатика пәнінің барлық мұғалімдері сабақ береді.

Жалпы робототехника үйірмесіне 80-ен астам оқушы қатысады. Мұнда Назарбаев зияткерлік мектебінен басқа өзгеде білім ошақтарының оқушылары келеді екен. Олардың қатарында Айбек Қаби де бар. Жасөспірім құлтемірді құрастыруға екі жарым ай бұрын қызыға бастапты. Бүгінде оның “Зевс” есімді роботы бар. Бұнымен ол республикалық деңгейде өткен жарысқа қатысып, жүлделі орыннан көрініпті.

Айбек Қаби – робототехника үйірмесіне қатысушы:

-Бұл роботтың негізгі міндеті кез-келген түстегі кубикті сәйкес түсті таудың шыңына шығару. Ол үшін жоғары ұпай 400 бал беріледі.

Қазіргі заман талабына сай етіліп салынған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту бағыты химия-биология болғанымен, мұнда спорт жағы да алдыңғы қатарда. Оқушылар бос уақытында өз интеллектерін арттыру үшін шахматтан сынға түседі екен. Сонымен қатар мектепте бадминтон секциясы да бар. Жалпы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын оқушылар мұндағы оқу жүйесіне көңілдері толуда.

Юлия Лагуткина – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

-Маған мұнда оқыған өте ұнайды. Мұндағы білім жүйесі алпы білім беретін мектептердікінен өте ауыр.

 

Риат Шони